«Гуманитарлық және дінтанулық зерттеулер институты» 2025 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді.
Қызметінің негізгі пәні – журналдар мен мерзімді басылымдарды шығару. Ғылыми журналдарды, электронды басылымдарды, мақалалар жинақтарын шығару.
Институт гуманитарлық және дінтанулық саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, сондай-ақ пәнаралық зерттеу ортасын құруға бағытталған.
Институттың негізгі мақсаттары:
- дінтану, философия, мәдениеттану және сабақтас пәндер саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
- баспа қызметін қолдау және насихаттау, ғылыми журналдар, монографиялар мен жинақтар шығару;
- халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және әлемдік академиялық қоғамдастыққа интеграциялау;
- жас зерттеушілерді дайындау, академиялық өсу мен практикалық тәжірибені қолдау;
- ғылыми конференциялар, семинарлар, форумдар, біліктілікті арттыру курстары, интеллектуалдық клубтар, пікірталас алаңдары мен өндірістік практиканы өткізу.