Журналдың ресми сайтында жариялау этикасы, рецензиялау тәртібі және рецензенттің жауапкершілігімен танысыңыз.
Рецензияны дайындаған кезде жүйедегі нұсқауларды орындаңыз.
РЕЦЕНЗЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Qut: Journal of Religion, Philosophy and Culture журналы объективті, тәуелсіз және құпия рецензиялау қағидаттарын ұстанады. Рецензенттерден төмендегі талаптарды сақтау сұралады.
1. Жалпы қағидаттар
- Рецензиялау қос соқыр рецензиялау (double-blind peer review) қағидаты бойынша жүргізіледі.
- Рецензент объективтілік, академиялық адалдық және бейтараптық қағидаттарын сақтауы тиіс.
- Рецензиялауға ұсынылған барлық материалдар құпия болып табылады және үшінші тұлғаларға берілмеуі керек.
2. Мүдделер қақтығысы
Рецензент келесі жағдайларда редакцияны хабардар етіп, рецензиялаудан бас тартуы тиіс:
- авторлармен жеке немесе кәсіби мүдделер қақтығысы болса;
- мақала тақырыбы оның ғылыми құзыретінен тыс болса.
3. Бағалау критерийлері
Рецензиялау барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:
- зерттеудің ғылыми үлесі мен жаңалығы;
- әдіснаманың дұрыстығы және қорытындылардың негізділігі;
- заманауи және өзекті ғылыми әдебиеттерді пайдалану;
- құрылым мен дәлелдеменің логикалылығы;
- академиялық стандарттар мен этикалық нормаларға сәйкестігі.
4. Рецензия
Рецензия:
- мақалаға негізделген және дәлелді баға беруі тиіс;
- жұмыстың күшті және әлсіз жақтарын көрсетуі тиіс;
- нақты түзету бойынша ұсыныстар қамтуы тиіс;
- әдепті және кәсіби стильде жазылуы тиіс.
Рецензияның кеңейтілген бөлігінің ең аз көлемі — 150–200 сөз.
5. Этикалық мәселелер
Рецензент редакцияға келесі жағдайлар туралы хабарлауы тиіс:
- плагиат немесе автоплагиат белгілері;
- деректердің бұрмалануы немесе сенімсіздігі;
- зерттеу этикасының бұзылуы.
6. Мерзімдер
Рецензент рецензияны редакция белгілеген мерзімде ұсынуы тиіс.
Егер рецензиялау мүмкін болмаса, редакцияны алдын ала хабардар ету қажет.
7. Қорытынды шешім
Рецензент келесі шешімдердің бірін таңдайды:
- мақаланы қабылдау;
- түзетулерден кейін қабылдау;
- елеулі түзетулер үшін қайтару;
- қабылдамау.
8. Жауапкершілік
Рецензент журналдың ғылыми деңгейіне әсер ететін сараптамалық бағалаудың сапасы мен объективтілігі үшін жауапты.
