Егер ғылыми материалдың қолжазбасы антиплагиат жүйеде тексеру кезінде немесе рецензент тарапынан қабылданбаған жағдайда материал авторға түзету үшін қайтарылады. Автор ғылыми материалды антиплагиатқа немесе рецензияға қайтадан 1 рет жолдай алады. Мақала мазмұнына автор жауап береді.
Автор / авторлар түзетілген (өзгертілген) ғылыми материалдың қолжазбасы қайтадан рецензияға жіберіліп, жалпы тәртіппен қаралады.
Егер ғылыми материалдың қолжазбасын рецензент жариялауға ұсынбаса, ол қайта қарауға қабылданбайды.
Автор рецензенттің пікірімен келіспеген жағдайда, өз қолжазбасын басқа рецензентке жіберуді дәлелді түрде сұрап, редакцияға жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда журнал редакциясы қолжазбаны қайта рецензияға жібереді немесе авторға дәлелді түрде бас тарту береді.