1. Журналдың ресми сайты арқылы түскен барлық ғылыми материалдардың қолжазбалары екі рет жасырын (double-blind) рецензиядан өтеді.

2. Рецензия – ғылыми материалға баға беретін жазбаша мәтін. Рецензия дербес жазбаша ғылыми еңбек болып табылады.

3. Рецензия ғылыми материалдың қолжазбасына сәйкес пәндік саладағы екі тәуелсіз маман тарапынан орындалады.

4. Рецензия жұмыстың өзектілігі туралы хабарлайды, бағасын береді, артықшылықтарын және жойылуы тиіс кемшіліктерін көрсетеді.

5. Рецензияға журналдың барлық ресми талаптарына сай және кемінде 70% түпнұсқа мәтіні бар ғылыми материалдардың қолжазбалары жіберіледі.

6. Рецензиялау журнал редакциясына ғылыми материалды жариялау жөнінде шешім қабылдауға көмектеседі; авторға өз еңбегін жетілдіруге ықпал етуі мүмкін.

7. Рецензия рецензенттерге журналдың ресми сайтының электронды жүйесі арқылы жіберіледі.

8. Рецензиялау мерзімі – 1 айға дейін.

9. Рецензенттерді таңдау туралы шешімді бас редактор, ғылыми редактор қабылдайды.

10. Корреспондент авторға танысу үшін рецензиялар беріледі.

11. Ғылыми материалдың қолжазбасына жасалған рецензия авторға рецензенттің жеке деректерінсіз (аты-жөні, қызметі, жұмыс орны) ұсынылады.

12. Егер қолжазбаға берілген рецензияда түзету қажеттілігі туралы қорытынды болса, мақала корреспондент авторға қайта қарауға жіберіледі.

13. Рецензенттердің ұсынымдары корреспондент авторға қолжазбаны түзету үшін немесе уәжді жауап беру үшін жолданады.

14. Қажет болған жағдайда автор / авторлар өзгертілген (түзеткен) қолжазба қайтадан рецензияға жіберіліп, жалпы тәртіппен қаралады.

15. Рецензент тарапынан уәжді түрде жариялауға ұсынылмаған ғылыми материалдың қолжазбасы қайта қарауға қабылданбайды.

16. Рецензенттің пікіріне келіспеген жағдайда, ғылыми материалдың автор / авторлары редакцияға қолжазбаны басқа рецензентке жолдау жөнінде уәжді өтінішпен жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда журнал редакциясы автор / авторлардың уәжін қарап, қолжазбаны қайта рецензияға жібереді немесе авторға уәжді бас тарту береді.

17. Оң рецензия / рецензиялар ғылыми материалдың қолжазбасын жариялау үшін жеткілікті негіз болып табылмайды. Жариялау туралы түпкілікті шешімді журнал редакциясы қабылдайды.

18. Екі оң рецензия мен жауапты редактордың қорытындысы алынған жағдайда, ғылыми материалдың қолжазбасы кезектілікке сәйкес журналда жариялауға ұсынылады.

19. Редакциялық алқа мақұлдаған қолжазбалар журнал нөмірін қалыптастыру үшін жауапты хатшыға беріледі.

20. Егер бір рецензент ғылыми материалдың қолжазбасына оң қорытынды берсе, ал екіншісі – теріс қорытынды берсе, онда қолжазба ғылыми редактор тарапынан үшінші рецензентке немесе тақырыбына сәйкес маман болып табылатын редколлегия мүшесіне жіберіледі. Үшінші рецензент немесе редколлегия мүшесі оң рецензия берген жағдайда, қолжазбаны қабылдау немесе қабылдамау жөніндегі түпкілікті шешімді журналдың ғылыми редакторы қабылдайды.

21. Екі теріс рецензия болған жағдайда, ғылыми мақаланың қолжазбасы журналда жариялауға қабылданбайды.

22. Рецензия нәтижесі бойынша қабылданбаған ғылыми мақалалардың қолжазбалары журнал тарапынан әрі қарай ешбір мақсатта пайдаланылмайды. Редакция корреспондент авторды жарияланымнан бас тарту және теріс рецензиялар туралы хабардар етеді.

23. Қолжазбаларға жасалған рецензиялар журналдың электронды платформасында электронды форматта үш жыл бойы сақталады.