Жалпы ақпарат
Журналға материалдарды жариялау үшін Оpen Journal System, онлайн жіберу мен ғылыми қолжазбаларын рецензиялау бойынша жүзеге асырылады.
Ғылыми материалдың түпнұсқасын жариялау үшін автор алдымен сайтта тіркелуі тиіс; сайт ұсынатын барлық нысандарды толтыру арқылы (тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс / оқу орны, ORCID ID). Автор / авторлар өз профилін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде толтырылады. Шетелдік авторлар үшін ағылшын тілінде толтыру жеткілікті.
Материалды жариялауға жолдау үшін корреспонденция жүргізуші автор журнал сайтына ілеспе хатты жүктеуге міндетті.
Ғылыми материалды жолдай отырып, автор / авторлар журналдың материалдарды жариялау шарттарының барлығымен келіседі және өз тарапынан журналдың жариялау этикасы ережелерін сақтауға кепілдік береді.
QUT журналдың редакциясы тек ғылыми, этикалық нормаларға сай дайындалған және журнал талаптарына қатаң сәйкес ресімделген, бұрын жарияланбаған және өзге журналдарда жариялану процесінде емес түпнұсқа ғылыми материалдарды ғана қарастыруға қабылдайды.
Редакцияға ұсынылатын ғылыми материалдың тақырыбы журналдың тақырыптық бағыттарына (белсенді батырма – тақырыптық бағыттылық) сәйкес келуі тиіс және мынадай түрде ұсынылуы қажет: мақала, зерттеу, мұрағаттық материалдар, шолулар / рецензиялар / шежірелер, сұхбаттар.
Барлық материалдар тек qut-journal.com сайтының жүйесі арқылы қабылданады.
Авторлар мазмұн үшін, соның ішінде келтірілген ақпараттың, дәйексөздердің, сілтемелердің, дереккөздер тізімі мен References бөлімінің дәлдігі үшін толық жауап береді.
Журналда ғылыми материалдар редколлегия мен рецензенттердің оң шешімі негізінде жарияланады.
Мақаланы онлайн тапсыру жөніндегі нұсқаулық
1. Веб-сайтта тіркелу (аты-жөні, тегі, ұйымы, елі)
2. Жүйеге кіру (электрондық пошта мекенжайы, пайдаланушы аты, құпия сөз)
3. Авторларға арналған ережелер (журнал талаптарымен танысу)
4. Жеке кабинет (автор немесе рецензент рөлін таңдаңыз)
5. Мақаланы жүктеңіз
6. Мақаланың метадеректерін үш тілде енгізіңіз
7. Мақаланы жіберілуін растау
Автордың қолжазбаны онлайн жүйесі арқылы жіберуде қиындықтар туындаса, журналдың редакциясына qut.jrpc@gmail.com электронды поштасы арқылы хабарласыңыз.
Мәліметтерді беру
Автор немесе корреспондент автор веб-сайттың электронды жүйесі арқылы «Мақала жіберу» мәзіріне (экранның жоғарғы оң жақ бөлігінде) өтіп, келесі екі құжатты (1 Анонимді материал, 2 Автор туралы ақпарат бар ғылыми материалдың қолжазбасы) жүктеп салуы керек.
1. Анонимді материал. Веб-сайтқа толығымен анонимді мәтіні MS Word форматында (.docx кеңейтуімен) жүктеледі (яғни авторлардың жеке деректері, лауазымы, жұмыс / оқу орны, ғылыми ұйымы, файл атауында көрсетілмей). Файлдың аты және / немесе материал мәтіні автордың / авторлардың аты болмауы керек.
2. Автор туралы мәліметтерді қамтитын ғылыми материалдың қолжазбасы. Бұл мәтіндік құжат үш тілдегі ақпаратты қамтиды (шетелдік авторлар үшін тек ағылшын немесе орыс тілдерінде рұқсат етіледі): автор/авторлар туралы мәліметтер, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толық тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, автор жұмыс істейтін ұйымның орны және толық мекенжайы; ORCID идентификаторы; электрондық пошта; автормен байланысу үшін телефон нөмірі (редакция үшін); авторлардың үлесі (егер екі немесе одан да көп авторлар болса); растау немесе қаржыландыру.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды ескермей рәсімделген ғылыми материалдардың қолжазбалары қарауға қабылданбайды. Егер автор тіркелген файлдар саны бойынша қойылатын талаптарды (барлығы 2) орындамаса немесе авторларға арналған әдістемелік нұсқаулардағы тармақтарының бірін ескермеген болса, редакция алқасының ұсынылған материалдарды қабылдамауға негізі бар.