Журнал редакциясы ғылыми материалды ресми талаптарға сәйкестігін қарастыру барысында, мәтінінде өзге дереккөздерден алынған үзінділердің бар-жоғын StrikePlagiarism.com жүйесі арқылы плагиатқа тексеруден өткізеді. Мәтіннің түпнұсқалығын техникалық немесе өзге де адал емес әдістермен арттыру жариялаудан бас тартуға әкеледі.
Антиплагиат жүйесі арқылы тексеру нәтижесінде түпнұсқалығы 70% және одан жоғары болған жағдайда ғана материал әрі қарай рецензиялау кезеңіне жіберіледі. Егер ғылыми материал журналдың рәсімдеу талаптарына сәйкес келмесе және плагиатқа тексеру қорытындысы бойынша түпнұсқа еңбек болып табылмаса, ол авторға түзету үшін қайтарылады және автор оны журналдың электрондық платформасы арқылы редакция қарауына қайта жібере алады.
Егер авторлар материал жазу барысында басқа зерттеушілердің еңбектерін пайдаланған болса, онда бұл ғалымдардың еңбектеріне міндетті түрде сілтеме жасап, дәйексөз мәтінін дұрыс рәсімдеуі қажет.
Егер бұрын жарияланған материалдар анықталса немесе плагиат фактісі табылса, материал қабылданбайды немесе ретракция рәсіміне жіберіледі.
Ғылыми этиканың халықаралық қауымдастық мойындаған қағидаттары, стандарттары мен нормалары бұзылған жағдайда, журнал редакциясы Жарияланым этикасы комитетінің (COPE) стандарттарына (https://publicationethics.org/) сәйкес әрекет етеді.
Журнал өз қызметінде WAME (https://wame.org/page3.php?id=106) ұйымының ғылыми жарияланымдарға қатысты чат-боттар мен генеративті жасанды интеллект бойынша ұсынымдарын басшылыққа алады.
Материалда келтірілген мәліметтердің шынайылығы үшін жауапкершілік авторға немесе авторларға жүктеледі.