pdf

Кілт сөздер

діни стресс
діни копинг
ішкі/сыртқы діни ориентация
гендерлік ерекшеліктер
студенттер
Қазақстан

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рашимбетов, Р. (2026). Діни ориентация мен негативті копингтің діни стресспен байланысы: Қазақстан жастары арасында пилоттық зерттеу. QUT JOURNAL OF RELIGION, PHILOSOPHY AND CULTURE, 1(3), 28–37. https://doi.org/10.65608/qut.2026.3.03

Статистика

Қаралымдар: 33
Жүктеп алулар: 22

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан жастары арасындағы ішкі және сыртқы діни ориентация мен позитивті және негативті діни копингтің діни стресспен байланысы эмпирикалық тұрғыда талданады. Пилоттық зерттеуде 101 респонденттің (28 ер адам, 73 әйел) сауалнама жауаптары қарастырылды. Деректер ішкі және сыртқы діни ориентацияны, позитивті және негативті діни копингті және діни стрессті өлшейтін бес шкала арқылы жиналды. Діни ориентацияны бағалау үшін Г. Олпорт пен Дж. Росстың шкалаларының (I-ROS, E-ROS), ал діни копингті бағалау үшін К. Паргаменттің құралының (PRC, NRC) бейімделген нұсқалары қолданылды. Барлық шкала қанағаттанарлық немесе жоғары ішкі келісімділікті көрсетті (α = .82–.94). Корреляциялық және регрессиялық талдау нәтижелері бойынша негативті діни копинг діни стресстің жалғыз статистикалық мәнді болжаушысы болды (β = .76, R² = .72), ал ішкі діни ориентация мен позитивті діни копингтің стресспен статистикалық мәнді байланысы анықталған жоқ. Гендерлік талдау нәтижесінде орташа мәндер арасында статистикалық мәнді айырмашылықтар табылған жоқ. Әйелдер тобында кейбір статистикалық мәнді байланыстар анықталғанымен, Фишердің r-to-z түрлендіруіне негізделген тест тиісті корреляциялардың ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтарының статистикалық мәнділігін растаған жоқ. Зерттеу нәтижелері негативті діни копингтің діни стресспен байланысты екенін көрсетеді және психологиялық қолдау бағдарламаларында оған назар аударудың маңыздылығын айқындайды. Алайда іріктеменің шектеулілігіне байланысты бұл нәтижелер алдын ала қорытындылар ретінде қарастырылып, болашақ зерттеулерде тексеруді қажет етеді.

pdf

Әдебиеттер тізімі

Abu-Raiya, H., & Pargament, K. I. (2015). Religious coping among diverse religions: Commonalities and divergences. Psychology of Religion and Spirituality, 7(1), 24–33. https://doi.org/10.1037/a0037652

Allport, G. W., & Ross, J. M. (1967). Personal religious orientation and prejudice. Journal of Personality and Social Psychology, 5(4), 432–443. https://doi.org/10.1037/h0021212

Ano, G. G., & Vasconcelles, E. B. (2005). Religious coping and psychological adjustment to stress: A meta‐analysis. Journal of Clinical Psychology, 61(4), 461–480. https://doi.org/10.1002/jclp.20049

Cummings, J. P., & Pargament, K. I. (2010). Medicine for the Spirit: Religious Coping in Individuals with Medical Conditions. Religions, 1(1), 28–53. https://doi.org/10.3390/rel1010028

Exline, J. J., Pargament, K. I., Grubbs, J. B., & Yali, A. M. (2014). The Religious and Spiritual Struggles Scale: Development and initial validation. Psychology of Religion and Spirituality, 6(3), 208–222. https://doi.org/10.1037/a0036465

Gilimbek, M., & Rashimbetov, R. (2024). Adapting Religious Orientation Scales for Muslim Contexts: Theoretical review. Bulletin of LN Gumilyov Eurasian National University. Historical Sciences. Philosophy. Religious Studies, 147(2), 308–320. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2024-147-2-308-320

Ji, C.-H., & Ibrahim, Y. (2007). Islamic Religiosity in Right-Wing Authoritarian Personality: The Case of Indonesian Muslims. Review of Religious Research, 49(2), 128–146.

Pargament, K. I., Smith, B. W., Koenig, H. G., & Perez, L. (1998). Patterns of Positive and Negative Religious Coping with Major Life Stressors. Journal for the Scientific Study of Religion, 37(4), 710–724. https://doi.org/10.2307/1388152

Rashimbetov, R., & Mazhiyev, G. (2024). Sharia motivation in a secular country: An empirical study among young people in Kazakhstan. Eurasian Journal of Religious Studies, 39(3), 78–89. https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v39.c3.r8

Sembinova, A., Nurov, M., Rashimbetov, R., Nessipkaliyev, D., & Mamytkanov, D. (2025). Charity Work and Religious Orientation: The Experience of the Student-Age Population. Journal of Culture and Values in Education, 8(3), 39–60. https://doi.org/10.46303/jcve.2025.26

Rashimbetov, R. (2026). Islamdagy motivatsiya jane onyn Qazaqstan jastary arasyndagy korinisi [Motivation in Islam and its manifestation among the youth of Kazakhstan] [Doctoral dissertation (PhD), L. N. Gumilyov Eurasian National University]. (in Kazakh)

Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.

Авторлық құқық (c) 2026 Рахымжан Рашимбетов

Downloads

Download data is not yet available.