Аңдатпа
Мақалада діндер тарихшысы Мирча Элиаденің дінтану саласында өз авторлығымен қалыптастырған діни концепцияларының түсіндірмесі талқыланады. Ол дін тарихшысы ретінде діндер тарихына ауқымды зерттеулер жасап, діни концепцияларды құрастыра білді. Нәтижесінде дін тарихшысы ретінде жасаған діни талдаулардағы концепцияларының маңыздылығын талдап оқырманға ұсына алды. Діни концепцияларының маңыздылығын талдау барысында Элиаде: «Діндер тарихы туралы трактат», «Мәңгілік қайта оралу туралы миф», «Шаманизм: экстаздың архаикалық әдістері», «Символдар мен бейнелер», «Йога: ажалсыздық және еркіндік», «Қасиеттілік және дүниелік» сияқты еңбектерін жазды. Мақаланың өзектілігі зерттелген концепциялар қазіргі дінтану саласында маңызды көрсеткіш екеніне назар аударту. Мирча Элиаденің дінтанулық концепциялары діннің мәнін және тарихын, оның адам болмысындағы рөлі мен қоғамдағы функциясын түсіну үшін терең ғылыми әдіснаманы ұсынады. Концепцияның негізгі бағыттары мен идеяларының түсіндірмесі мақалада мысалдармен жан – жақты ашылды. Қасиетті (сакралды) мен профандық (жерлік), иерофания, архаикалық, миф, символ, діни универсализм, уақыт концепциялары дінтану саласындағы маңызды тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар басқада гуманитарлық мамандықтардыңда құрылымдарының маңызды бөлігі болып табыла алады.

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Авторлық құқық (c) 2026 Дурмуш Арык, Толен Баракбаева, Ботакоз Абдрахманова
