PDF

Кілт сөздер

исламдық саяси ой
мемлекет
билік
әл-Мауарди
әл-Ғазали
Ибн Таймия

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Исламдық саяси ойдағы мемлекет концепциясы: классикалық ойшылдар көзқарасы. (2026). QUT JOURNAL OF RELIGION, PHILOSOPHY AND CULTURE, 1(1), 17–30. https://doi.org/10.65608/qut.2026.1.02

Аңдатпа

Ислам саяси ойының тарихында мемлекет мәселесі теориялық әрі практикалық тұрғыдан маңызды орын алады. Ортағасырлық мұсылман ойшылдары саяси биліктің мәні, оның құқықтық негіздері, қоғамды басқарудың діни-нормативтікөлшемдері туралы терең әрі жүйелі көзқарастар қалыптастырды. Осы тұрғыда әл-Мауарди, Әбу Хамид әл-Ғазали және ИбнТаймияның мемлекет туралы ілімдері исламдық саяси философияның негізгі бағыттарын айқындайтын маңыздыинтеллектуалдық мұра болып табылады. Бұл ойшылдар әртүрлі тарихи кезеңдер мен саяси жағдайларда өмір сүргенімен, олардың еңбектерінде мемлекет пен саяси биліктің мақсаты, дін мен саясаттың арақатынасы, билеушінің жауапкершілігіжәне қоғамдық әділеттілік мәселелері ортақ тақырып ретінде көрініс табады. Әл-Мауарди мемлекетті шариғат нормаларын жүзеге асыратын саяси институт ретінде қарастырып, халифат билігінің құқықтық және әкімшілік негіздерін нақтылап көрсетеді. Әл-Ғазали дін мен мемлекетті бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын, өзара тәуелді құрылымдар деп түсіндіріп, олардың үйлесімділігі қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықтың басты кепілі екенін атап өтеді. Ал Ибн Таймия саяси биліктің негізгі міндеті әділеттілікті орнату және қоғамның ортақ мүддесін қорғау деп пайымдайды. Осы мақалада аталған ойшылдардың мемлекет туралы көзқарастары салыстырмалы талдау әдісі арқылы зерттеліп, олардың ислам саяси ойының дамуына қосқан үлесі айқындалады.

PDF
Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.

Авторлық құқық (c) 2026 Тұңғыш Абылов, Байнұр Елубаев (Автор)