Аңдатпа
Бұл мақалада қазіргі ғылыми күн тәртібі аясында Құрандағы әйелдер рөлінің бірнеше аспектілері талданады: гендер, ислам, құқықтар, міндеттер және көшбасшылық. Мақаланың мақсаты – исламдағы әйелдердің мәртебесін анықтайтын Құранның негізгі ережелерін анықтау және отандық және халықаралық зерттеулердегі түсіндірмелерді талдау. Пайдаланылған дереккөздер – Құран аяттары мен сүрелері. Ғылыми ізденістің басты нысаны ретінде білім беру жүйесі, отбасылық құндылықтар, мұрагерлік заңдылықтары және әлеуметтік белсенділікке басымдық беріледі. Заманауи ғалымдардың еңбектеріндегі зерттеу күн тәртібінің эволюциясы қарастырылады. Білім алу құқығына, әйелдердің билігіне, діни және қоғамдық көшбасшылыққа ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, Құранның үкімдері мен қазақ мәдени дәстүрлері арасындағы байланыс көрсетілген. Мақаланың нәтижелері мен ұсыныстары зерттеу ландшафтының әртекті екенін, тарихи кезеңдерде әртүрлі мәселелердің назарда екенін көрсетеді. Ғылыми зерттеулердің басым бағыттары қоғамдық сұраныстар мен замануи тенденциялардың ықпалымен үздіксіз жаңаруда. Дегенмен, қазіргі зерттеулер гендерлік әділеттілік, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, түсіндірмелерді қайта қарастыру және кешенді талдау қажеттілігі мәселелерін қамтитынын атап өткен жөн.

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.
Авторлық құқық (c) 2026 Алмасбек Шағырбай
