PDF

Кілт сөздер

имам Матуриди
Матуриди ілімі
саясат түсінігі
билік және әділет
қоғамдық келісім
сүнниттік дәстүр

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Матуриди дүниетанымындағы саясат түсінігі. (2026). QUT JOURNAL OF RELIGION, PHILOSOPHY AND CULTURE, 1(1), 42–51. https://doi.org/10.65608/qut.2026.1.04

Аңдатпа

Мақаламызда исламдық теологиялық дәстүрдегі маңызды бағыттардың бірі саналатын Матуриди дүниетанымындағы саясат түсінігі кешенді түрде талданады. Әбу Мансур әл-Матуридидің сенім жүйесі негізінен ақыл мен уахиді үйлестіруге бағытталған рационалды-теологиялық мектеп ретінде белгілі болғанымен, оның әлеуметтік-саяси көзқарастары да ислам өркениетінің қалыптасуында елеулі рөл атқарды. Зерттеуімізде Матуриди іліміндегі билік, басқару, әділет, қоғамдық тәртіп және адам жауапкершілігі ұғымдарының мазмұны қарастырылады. Әсіресе, саясаттың діни догмаға толық тәуелді емес, алайда этикалық-діни қағидалармен шектелетін дербес қоғамдық сала ретінде түсіндірілуі талданады. Матуриди дүниетанымында ақыл-ойдың саясаттағы орны, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтаудағы маңызы ерекше атап өтіледі. Сонымен қатар, биліктің заңдылығы мәселесі халықтың мүддесін қорғау, әділетті басқару және зұлымдықтың алдын алу қағидаларымен байланыста қарастырылады. Мақалада Матуриди саяси ойының сүнниттік дәстүрдегі орны, оның ханафилік құқықтық мектеппен өзара сабақтастығы және қазіргі мұсылман қоғамдарындағы саяси дискурсқа ықпалы сарапталады. Зерттеу нәтижелері Матуриди дүниетанымының саясатты теологиялық радикализмнен алыстатып, қоғамдық тұрақтылық пен зайырлы басқару ұстанымдарымен үйлестіруге мүмкіндік беретін интеллектуалдық әлеуетін көрсетеді.

PDF
Creative Commons лицензиясы

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.

Авторлық құқық (c) 2026 Бауыржан Ботакараев (Автор)